Әскери қақтығыстар кесірінен жер шарында ұшуға болмайтын аймақ көбейіп барады. Соғыс оты тұтана қалса, мемлекеттер әуе кеңістігін жаба қойып, жолаушыларды, ұшқыштар мен әуе компанияларын әбігерге салады.
Иран Израильге қарсы зымырандар ұшырды. Тегеран билігі өкілдері мұны "кек қайтару" деп атаған. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Иран "өте үлкен қателік жасады" деді. АҚШ Израильге қолдау көрсетті. Тегеранның ісін айыптаған БҰҰ мен Еуропа Одағы жетекшілері Таяу Шығыс аймағында атысты дереу тоқтатуға үндеді.
20 жыл бұрын қыркүйектің алғашқы үш күні Бесланда Ресейдің бүгінгі тарихындағы ең ауыр теракт болды. 2004 жылғы 1 қыркүйекте бір топ террорист №1 мектепті басып алды. 1100-ден астам адам кепілге алынды. Олардың арасында оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болды. Қаза тапқандардың туыстары, соның ішінде "Беслан аналары" ұйымы әлі күнге дейін Ресейден болған жағдайды тергеуді талап етіп келеді.
Саратов тұрғыны Виктор Потапов қыркүйекте ішінара мобилизациядан бір апта бұрын ерікті түрде Украинаға соғысуға кеткен. Үйінде әйелі мен екі баласы қалған. Потаповтың үлкен ұлы – мүгедек. Гүлайым Дербесова күйеуінің соғысқа шарасыздықтан кеткенін айтады.
23-27 қыркүйекте Украинаның Донецк және Луганск облыстарының сепаратистер бақылауындағы, Херсон мен Запорожье облыстарының Ресей басып алған жерлерін Ресейге қосу жайлы "референдум" өтпек. Бұл шара Украина әскерінің қарсы шабуылы мен Ресейдің "ішінара мобилизация" жариялауымен тұспа-тұс келді.
Тамызда Ресейден кеткен кіші сержант Павел Филатьев Украинадағы соғыста өзі қызмет еткен бөлімнің жағдайы туралы 141 беттен тұратын кітап жазған. "Ресейліктер "соғысқа қарсымыз" деп айтудан қорықпаса, соғыс тезірек аяқталады" дейді ол.
АҚШ Украинаға жалпы құны 270 миллион доллар болатын әскери көмек беретінін мәлімдеді. Бұл қаржы HIMARS реактивті қару жүйесінің төртеуін және жүздеген дрон сатып алуға жұмсалмақ. Киев жаудан қорғану үшін мұндай қарудың елуі, ал қарымта шабуылға шығуға жүз данасы қажет болатынын айтқан.
Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін, наурыздың басында ресейліктердің көбі шетелге үдере көше бастады. Сыртқа ағылған халық нөпірі әлі де толастар емес. Жаңа қоныс іздегендердің көбі постсоветтік елдерді паналап жатыр. Кейбірі алғаш рет барған елді бұрын мүлде басқаша елестеткенін айтады.
Донбастағы өзін тәуелсіз республика деп жариялаған облыстар соғыстың психологиялық, экономикалық және әскери салдарын сезініп жатыр.
Украинаға басып кірген ресейлік әскери техникалардың сыртындағы Z мен V әріптері Кремль "арнаулы операция" деп атайтын соғыстың ресми символына айналды. Оны автомобиль мен қоғамдық көлік сыртына, билбордтар мен жейделерге салып жүр. Ресейде оны соғысты жақтамайтындарды қорқытуға да қолдана бастаған.
Ресей "арнаулы әскери операцияға" қатысқан қанша адамы тұтқынға түскенін жарияламай отыр. Ал тұтқындардың туыс-жақыны олар жайлы мәліметтерді қорғаныс министрлігінен емес, көбіне интернеттен біліп жатқанын айтады. Азаттықтың Орыс қызметі Украинада тұтқынға түскен адамдардың туыстарын іздеп жатыр.
Bellingcat зерттеушісі Христо Грозев Ресей билігінің YouTube, Twitter және өзге халықаралық қызметтер жылдамдығын бәсеңдету жоспары барын айтады. Азаттық сөйлескен сарапшылар бұған күмән келтіргенімен, мемлекет қолданатын шектеу құралдары үсті-үстіне көбейіп келе жатқанын мойындайды.
2001 жылғы лаңкестік шабуылдан кейін АҚШ «әл-Қаида» мен тәліптерге соғыс жариялап, Ауғанстанға басып кірді. Бұл соғыс 20 жылға ұласып, Батыс әскерінің ол елден кетуімен және тәліптердің билікке оралуымен аяқталды. Ауғанстанның оңай шағылар жаңғақ емес екенін Сталиннің тәжірибесі де көрсеткен.
Алғаш рет Үндістанда тіркелген "дельта" варианты басқа елдерге жылдам тарап жатыр. Ол аурудан жазылып шыққандарға да, екпе салдырғандарға да жұға береді. Егер вакциналау күшеймесе, бұдан едәуір қауіпті вариантты көріп қалуымыз әбден мүмкін.
Беларусьтегі Tut.by порталының негізін қалаушылардың бірі Кирилл Волошин Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұхбатында сайтты бұғаттау, қызметкерлерді тінту шаралары жөнінде әңгімелеп, қазіргі қиын жағдайдан қалай шығатыны жайлы ойын бөлісті.
Тағы